Жаңалықтар

Ерекше жандарға арналған инватаксилердің саны артып келеді

Ерекше жандарға арналған инватаксилердің саны артып келеді
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 28.05.2024 22:47 530

Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлерде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында инватакси санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл елордада арнайы машиналардың саны тағы 26 бірлікке ұлғайды. Осылайша, Астана қаласындағы аталған санаттағы инватаксилердің жалпы саны 145-ке жетіп отыр. 

Бүгін ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халықтың қауқары аз топтарын тасымалдауға арналған арнайы машиналардың артықшылығымен танысты. Бұл ретте арнайы көтергіштермен жабдықталған автомобильдер ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасап отырғанын айта кеткен орынды.

Жалпы өңірлерде шамамен 760 бірлік арнайы жабдықталған көлігі бар 119 инватакси қызметі жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға