Жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды қолдауға арналға жаңа жоба жарияланды

Жоба балалар жылы аясында жүзеге асырылып отыр
Ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды қолдауға арналға  жаңа жоба жарияланды
Фото: ҚР МСМ 13.11.2022 10:00 1570

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Арман асулары» атты әлеуметтік пилоттық жобаны қолға алды,  деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қыметіне сілтеме жасап. 

Оның басты мақсаты - Қазақстанның барлық өңірлерінен ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды балаларға қолдау көрсету, шығармашылық бағытта дамыту. 

Гала-концертке қатысқан балаларды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтап, инклюзивті білім беру мен қоғамды дамытуда мұндай жобаның маңызы зор екенін атап өтті. Еліміздегі ерекше балалардың өнерін ұштауға бағытталған фестиваль республикамыздың әр аймағындағы дарынды жастардың басын қосады.

«Өнер – адамның жанын ғана емдемейді, оның тәніне де тірек болады. Балалардың талантын ашуда мұндай алаңдар қашанда қажет. Сондықтан осы жобана жүзеге асыруға атсалысқан азаматтардың барлығына алғыс айтамын. Сіздер балаларды бақытты, ал қоғамды мейірімді етуге үлес қосып отырсыздар», - деді Дәурен Абаев.

Гала-концертте Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Құрмаш Махан, Салтанат Меңдіғалиева, Әлібек Әлмадиев, Рухия Байдукенова, Дидар Абдухалық, Гүлдана Акимова (флейта) сынды танымал артистер, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Меломен» тобы, Turan фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Forte Trio және Saz&Soul шығармашылық ұжымдары балалармен бірге өнер көрсетті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға