Ердоғанның баскетбол ойнап жүрген видеосы кеңінен таралды
69 жастағы Түркия президентінің баскетбол ойнап жатқан сәті әлеуметтік желіде кеңінен таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Анкарадағы спорт кешенінде бір топ депутатпен баскетбол ойнап жүрген видеосы тарала бастайды.
Видеоны Түркия парламент комиссиясының басшысы Мустафа Варанк Instagram-да жариялады.
Видеодан Түркия президентінің физикалық тұрғыда бабында екенін байқауға болады. Бірнеше себетке гол салып та үлгерді. Осылайша ол денсаулығында кінәрат бар деген әңгімені жоққа шығарғандай болды.
Бұл видео 86 мыңнан астам лайк жинаған.
Режеп Тайып Ердоған президенттік лауазымды 20 жыл бойы атқарып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында өткен президенттік сайлауда Ердоған жеңіске жетіп, ұлықтау рәсімінде ант берді. Бұл іс-шараға Қазақстан Президенті де қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram