Ердоған түркі елдеріне ортақ әліпби жасауды ұсынды
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
03.11.2023 14:14
1741
Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиін жасауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Біздің бірлігіміз үшін тіл мәселесі, ортақ әліпбидің болуы өте маңызды. Президенттердің қолдауы да аса үлкен мәнге ие. Бұл жерде Жоғары білім кеңесіміз хатшылыққа арнайы ұсыныстар айтты. Олар жоғары бағаланады деген үміттеміз, - деді Ердоған.
Айта кетейік, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Жиынға ұйымға мүше Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері қатысып жатыр. Сондай-ақ Мажарстан премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде шақырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға