Ердоған Путинге қолдау білдірді
Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ыстамбұлдың бастамасымен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Ресейдегі жағдайды талқылады.
Ресей президенті әскери төңкеріс әрекетіне байланысты елдегі ахуалды баяндады. Түркия президенті Ресей билігінің қадамдарына қолдау білдірді, - делінген Кремль таратқан мәліметте.
2016 жылы Түркияда да әскерилердің қатысуымен әскери төңкеріске әрекет жасалған.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті.