Жаңалықтар

Ербол Оспанов денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Ербол Оспанов денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Фото: t.me/KZgovernment 01.04.2024 16:12 534

Ербол Оспанов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов бұрынғы қыметінен босатылып, денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген мәліметте.

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазтеміржолкөлікжобалау» АҚ-да инженер болып бастады.

«Қазақстан темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жоба жетекшісі, «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да жетекші инженер-жобалаушысы болып қызмет атқарды.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға