Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Ербол Нұрғалиев Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заңгерлік университетін, 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысының Жарма ауданында Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады.
2002 жылы ШҚО Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды.
2011 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2015 жылы желтоқсанда Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы болып еңбек етті.
2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2018 жылдың қараша айынан ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
2019 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2022 жылғы тамыздан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары болды.