Жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов: Жаттықтырушылардың жалақы жүйесі реттелмеген

Ербол Мырзабосынов: Жаттықтырушылардың жалақы жүйесі реттелмеген
Фото: Видеодан кадр 08.10.2024 10:55 170

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «УӘДЕ» бағдарламасына берген сұхбатында олимпиадаларда жасалатын қателіктерді атап өтті. Оның ішінде жаттықтырушылардың не себепті олимпиадалық емес спорт түрлерін таңдайтынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті менеджерлер басым спорт түрлерінде дұрыс индикатор қоймаған. Бірінші назарға олимпиада ма, Азия ойындары ма, олимпиадалық емес спорт түрлері ме, ұлттық спорт түрлері ме деген форматты қарамаған. Мысалы, олимпиадалық емес спорт түрлері жаттықтырушыларының жалақысы олимпиадалық спорт түрлерінің жаттықтырушыларының жалақысымен бірдей болып кеткен, - деді министр.

Сол себепті бүгін олимпиадалық спорт түрінен жаттықтырушылар арасында бәсекелестік төмен екенін атап өтті. 

Мысалы олимпиадалық спорт түрінде 200-ге жуық мемлекетпен таласасыз, ал олимпиадалық емес спорт түрінде 10-15 мемлекетпен таласасыз. Қай жерде нәтиже көрсету оңай?  Сонымен қатар, олимпиадалық емес спорт түрінен жылына екі рет әлем чемпионаты өтуі мүмкін. Сәйкесінше олардан барып медальді көбірек жинап, пайыздық деңгейге келгенде жақсы көрсеткіш көрсетеді. Нәтижесінде олимпиадалық емес спорт түрінің жаттықтырушысы 10 есе немесе 15 есе артық жалақы алады. Сондықтан көп жаттықтырушылар олимпиадалық емес спорт түрлеріне акцент қойған. Бұл жағдай жылдар өте көбейе берген, - деді Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға