Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
20.04.2025 15:49
174
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық спортты жүйелі түрде дамытып келе жатқан жетекші елдердің бірі ретінде халықаралық қауымдастықта үлкен сенімге ие.
Форумға 75 елден делегаттар мен сарапшылар қатысты. Басқосу аясында дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар, пікірталастар және стратегиялық кездесулер өтті.
Қазақстан этноспортты жаңғыртуда үлгі боларлық қадамдар жасап келеді. Бұл тәжірибенің халықаралық маңызы зор. Министр Ербол Мырзабосыновтың басшылық құрамға енуі – осы сенімнің дәлелі, – деп атап өтті Біләл Ердоған.
Бөлісу:
