Жаңалықтар

Ербаян Мұхтардың Ыстамбұлдан Қазақстанға жетуіне көмектесеміз - министр

Ербаян Мұхтардың Ыстамбұлдан Қазақстанға жетуіне көмектесеміз - министр
Фото: Instagram/inga_imanbay 25.12.2024 11:20 543

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қазір Түркияда ем алып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбазды елге жеткізуге үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ербаянның ата-анасымен байланыстамыз. Осыдан 3-4 күн бұрын хабарластық. Ербаян тиісті емін алуды жалғастырып жатыр. Жылдың аяғында Қазақстанға қайту жоспарлары бар еді. Бірақ дәрігерлердің қосымша ем тағайындауына байланысты, қайту мәселесін өздері хабарлайтын болады. Дегенмен, 27 желтоқсанда қайтамыз деген болатын. Біз шет елдерде ем алып, ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарының барлығын тасымалдауды жүзеге асырамыз. Осыған байланысты Қазақстанға қайту кезінде тиісті көмектердің барлығы көрсетіліп, санитарлық авиация арқылы жеткізіледі, - деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, 6 айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы ұлттық нейрохирургия орталығынан үйіне шығарылды. Сосын халық жинаған қаржының арқасында Түркияға емделуге кеткен еді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға