Ерасыл Қажыбаев Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
16.02.2025 22:05
597
Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерасыл Қажыбаев - 100 келіден жоғары салмақта жастар арасында әлем чемпионы. Отандасымыз турнирде қола медаль үшін болған белдесуде грузиялық Саба Инанейшвилиден басым түсті.
Айта кетейік, отандық спортшы үшін Баку - олжалы қаланың бірі. Ол осыдан 2 жыл бұрын Бакудағы Үлкен дулыға турнирінде қола жүлдегер атанған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы "Сауран" базарында қойма өртеніп жатыр
Келесі жаңалық
Йорк ханшайымы туған күнін қалай атап өткенін көрсетті