Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы әлеуметтік нысандарды аралады
Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
Фото: gov.kz 26.02.2023 16:25 1217

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қарғалы ауданының халқы бұған дейін спорт нысандарының жетіспеушілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданның екі елдімекенінде ангар үлгісіндегі кешендердің құрылысы жүргізілуде.

Бүгін өңір басшысының қатысуымен 2600-ден астам адам тұратын Петропавл ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Қарғалы ауданының халқы бұған дейін спорт нысандарының жетіспеушілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданның екі елдімекенінде ангар үлгісіндегі кешендердің құрылысы жүргізілуде.

Бүгін өңір басшысының қатысуымен 2600-ден астам адам тұратын Петропавл ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Ералы Тоғжанов футбол, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінен балаларды баулитын спорт нысанын аралады. Кешен тәрбиленушілеріне футбол және волейбол ойнауға арналған спорттық киімдерді, доптарды сыйға тартты. Мұнда барлығы 240 бала спортпен айналысады, соның ішінде Ш.Қалдаяқов атындағы көрші ауылдан да балалар бар.

Айта кетейік, кешеннің құрылысы былтыр басталып, мерзімінен бұрын аяқталды. Нысанның құрылысына 249 млн теңге бөлінген. Биыл Қос-Естек ауылында да осындай спорт кешенінің құрылысы аяқталады.

Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Петропавл ауылында Ералы Тоғжанов 2021 жылы жаңа ғимаратқа көшірілген дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді. Ескі амбулатория ғимаратының ауданы небәрі 90 шаршы метр болса, жаңасы төрт есе үлкен - 370 шаршы метрді құрайды. Осының арқасында медициналық мекеме ауысымына 50 науқасқа дейін қабылдай алады.  Амбулатория санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген, кадрлар тапшылығы жоқ.

Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Сондай-ақ, мұнда ауылдық жерлерде әсіресе шалғай жатқан ауылдарда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «фельдшер сөмкесі» жобасын енгізуге дайындалуда.

Айта кетейік, амбулаторияның жаңа ғимараты 60 млн теңгеге сатып алынған, бұл сомаға жиһаздары да кіреді. Бұл тұрғыда осыған ұқсас ғимаратты нөлден бастап салу және оны жабдықтау шамамен үш есе қымбатқа түседі. Облыс әкімі басқа да елдімекендерде осындай дайын ғимараттарды сатып алудың экономикалық тиімділігін қарастыруды, талдау жүргізуді тапсырды.

Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Бадамша ауылында облыс әкімі аудандық мәдениет үйі мен №1 орта мектепке барды. Білім ордасында 470 оқушы оқиды, 70 орындық интернат бар. 2020 жылы пайдалануға берілген мектеп барлық заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Жаңа ғимарат инженерлік желілермен толықтай қамтылған, жоғары жылдамдықты интернет қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға