Ер кісі өш алу үшін әріптесінің көлігін ұрлап кеткен
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті
05.02.2025 05:19
126
Түркістан облысының тұрғыны әріптесінің көлігін ұрлап кеткен. Оқиға Келес ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мен жәбірленушінің арасында түсінбеушілік орын алған. Ол өш алу мақсатында автотұрақта тұрған әріптесінің «Audi» маркалы автокөлігін діттеген жеріне айдап кеткен. Келтірілген шығын - 2 млн теңге.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда 36 жастағы ер адам ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір тәулікте үш есірткі зертханасы жойылды
Келесі жаңалық
Шымкент тұрғыны 23 жасар ұлына бір бүйрегін берді