Жаңалықтар

Ер адамдардың неліктен аз өмір сүретіні анықталды

Ер адамдардың неліктен аз өмір сүретіні анықталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 24.02.2024 17:23 5538

Психологтар ер адамдардың өмірінің қысқа болуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маманның сөзіне қарағанда, бұған ұлдарды бала күнінен ішкі сезімі мен күйін сыртқа шығармауды үйрету себеп.

Себебі эмоцияны жасыру инсульт, жүрек талмасы немесе психосоматикалық ауытқуларға алып келуі мүмкін.

Ата-аналар, жалпы қоғам ұлдардан төзімді, мықты және сыртқы факторларға мән бермей үйренуді талап етеді. Тиісінше 18 жасқа толғанда ол іштей жасқаншақ болып шығады. Мұның соңы оның әлсіздік танытудан қорқуына алып келеді.

Ер адамдар әйелдерге қарағанда 15 жыл аз өмір сүретінінің себебін былай түсіндірейін. Олар эмоциясын сыртқа шығара алмайды. Тиісінше инсульт және инфаркт секілді қауіпті дертке шалдығуы әбден мүмкін, себебі ер адамдар бәрін ішінде ұстайды, - дейді мамандар.

Одан қалды ұл балалар көңіл күйдің болмауы, күйзеліс, қайғыру секілді жайттарды да ешкіммен бөлісе алмайды. Іштей өз-өзін жей береді де, ол психиканың бұзылуына әсер етеді екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға