Жаңалықтар

Ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап жүрген

Ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап жүрген
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.03.2024 11:50 722

Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігіт анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.

Күдікті Келес ауданының мешітіндегі садақа жәшігінен 60 мың теңгені, Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.

Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға