Ер адам әйелін екі сағат ұрып, терезеден лақтырып жіберген

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
29.02.2024 12:08
2748
Кемеровода әйел күйеуінің қолынан қаза тапты,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам түнгі сағат 3:00 пен 5:00-дің ортасында заңды некедегі әйелін аямай ұрып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Дәрігерлер әйелді аман алып қалуға тырысқанымен, таңғы сағат 11:00 шамасында ол жергілікті ауруханада көз жұмған. Көршілердің сөзінше, бұл отбасыда жиі ұрыс-керіс болған. Куәгерлер жерде қан-жоса болып жатқан зардап шегушіге жедел жәрдем көлігі келгенше ешкім көмектеспегенін айтады.
Бұған дейін жігітімен ұрысып қалған әйел 5 айлық баласын терезеден лақтырып жібергенін хабарлаған едік. Сәби шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ғасыр жасаған шежіреші Сәндібек Рахметұлы өмірден өтті