Жаңалықтар

Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберген

Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберген
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 25.08.2024 15:06 7582

Мәскеуде ер адам әйелі мен сәбиді 16-қабаттан лақтырып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 25 тамыз күні Лефортово ауданында болған. Куәгерлердің сөзінше, ер адам алдымен киімдерді далаға тастаған. Көп ұзамай әйелі мен нәрестені лақтырған. Салдарынан 1988 жылы туған әйел мен 2023 жылы туған ұл бала қайтыс болды. Ал полиция оны пәтерінде ұстаған, 1985 жылы туған ер адамға медициналық көмек қажет болған.  

БАҚ өкілдері ұсталған адам РФ Орталық банкінің қызметкері деген болжам айтуда. Жұбайымен үш жылдан бері некеде болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға