Жаңалықтар

Эпилепсия емделе ме?

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының эпилептолог, невролог дәрігері Жасұлан Ерғалиұлымен сұқбат
Эпилепсия емделе ме?
Фото: El.kz/ Артем Чурсинов 31.08.2022 13:07 16628

Дүниежүзінде эпилепсия aуруы aзaймaй тұр. Бірaқ ұзaқ уaқыт бoйы шипaсы жoқ aуру сaнaлғaн бұл дертті емдеуде  медицинa нәтижеге қoл жеткізіп келеді. Oсы oрaйдa Эпилепсия қaндaй aуру? Oның емі бaр мa? Oсы aурумен aуырaтын нaуқaстaрғa қaлaй көмектесе aлaмыз? Тaлмa бoлғaн жaғдaйдa не істеу керек? Oсы және өзге де сұрaқтaр төңірегінде ҚР ПІБ Медицинaлық oртaлығы aурухaнaсының эпилептoлoг, неврoлoг дәрігері Жaсұлaн Өтебекoвпен сұқбaттaсқaн бoлaтынбыз.

Эпилепсияны бaқылaу, ұстaмaлaрды емдеу, хирургия aлды тексерістер жүргізу және oтaдaн кейінгі бaқылaумен aйнaлысaтын мaмaн эпилепсияғa қaтысты мaңызды сaуaлдaрымызғa жaуaп берді.  

– Жасұлан Ерғалиұлы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек елімізде 70 мыңға жуық адамға эпилепсия ауруы диагнозы қойылған. Оның 28 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Жалпы эпилепсия қандай ауру? Толығырақ ақпарат беріп кетсеңіз.

– Эпилепсияға қатысты нақты белгіленген статистика жоқ. Жорамал бойынша қазіргі кезде (КМИС) Комплексті медициналық ақпаратты жүйе сол жердегі мәліметтер мен ақпараттарға байланысты сүйеніп шамамен сол 70 мыңға жуық адам деп айтылады. Әр жерде әр түрлі көрсеткіштер болған. Мысал ретінде айтып өтсем 2015 жылы 40 мыңға жуық науқас эпилепсиямен ауырған деп айтылған. Негізі нақты саны одан да көп болуы мүмкін.

Жалпы дүниежүзінде эпилепсиямен белгілі бір өңірде халықтың 1-2 % ауруы мүмкін. Сонымен қатар статистикалық көрсеткіштер тұрып жатқан жеріне, өмір сүру қарқыны төмен және дамушы елдерде олардың саны одан да көп болуы мүмкін деген болжам бар. Сол үшін ол мемлекеттерде нақты саны тіркелмегендіктен көп болуы мүмкін. Бізде 18 миллион халық болатын болса, оның 1% яғни 18 мың адам эпилепсиямен ауырады. Негізі дүниежүзінде шамалап осындай көрсеткіштер айтылады. Бірақ елімізде нақты саны жоқ. Шамамен жуықтап айтатын болсақ, олардың тіркелгені, медициналық көмекке жүгінгені бар соларды жалпы санаған кезде 70 мыңдай деп болжамды тұрде айтылады.

– Эпилепсияның негізгі белгілері қандай? Қандай түрлері бар?

– Эпилепсия – мидың созылмалы күйі. Ауру ретінде саналмайды. Дүние жүзінде оны қайталамалы жағдай болғандықтан созылмалы қатарына жатқызады. Оның көрінетін көрінісі ұстама деп аталады. Олардың бірнеше белгілері бар. Жалпы халыққа танымал болып кеткен атауы «қояншық». Бұлай аауына қалшылдау, селкілдеу және ерсі қылықтар жасайтын белгілерге қарап айтқан да болуы мүмкін. Бірақ бұлардың барлығы эпилепсиялық ұстамалардың көріністері болып табылды.

Эпилепсия емделе ме?

Эпилепсия жалпы екі бөлікке бөлінеді. Оның алғашқысы ақырындап басталатын ұстама. Екіншісі жайылмалы түрі. Ол мидың бөліктері ұстамаға кірісетіндіктен соған тиісінше ұстамалық көріністері болады. Бір бөліктен біртіндеп басталатын ұстамаларда адам өзі қандай да бір жағдайларды сезінуі мүмкін. Қандай да бір келеңсіз күйге түскенін іштей сезінсе де, бірақ біршама уақыт бойы мән бермей жүруі мүмкін. Ол жағдай адамды есінен айырылғанға дейін жеткізуі мүмкін. Адам мұндай күйге түскенде қысқа уақытқа естегі бар ақпарат жойылып қалады. Адам оны білмей қалады. Тіпті жұмыс істеп жатып бір кезде есіктің қасына қысқа уақытқа барғанын білмей қалады. Дәл сол мезеттегі есте сақтау қызметіндегі ақпарат жоқ. Тіпті сол кезде не болғанын еске түсіре алмайды. Бұл эпилепсиялық талманың көрінісі болып табылады. Кейбір жағдайда сөйлесіп, бірден іс-әрекет тоқтап қалады. Бір нүктеге телміріп қарап тұрады, сол күйді кешкенде сұраққа жауап бермейді. Белгілі бір секундтар өткеннен кейін сіздің сұрағыңызға жауап беріп, жалғастырып кете береді. Сырт көзге ол адам кішкене тежеліп отырған секілді көрінеді. Сол сәтте барлығын естіп отырады, бірақ жауап бере алмайды. Мидағы процесс аяқталғаннан кейін ғана жауап береді. Осы ұстамалардың асқынуынан эпилепсияның ерекше сондай формалары, белгілері болады. Егер қатты түрде жүрсе, жалпыланған форма деп атайды. Ондай кезде адамның бүкіл бұлшықеттері тырысып, селкілдеу фазасына өтеді. Селкілдеу аяқталғаннан кейін классикалық жалпыланған эпилепсияның ұстамалары басталады. Көп жағдайда олар өздігінен қайтатын ұстама деп айтылады. Оның белгілі бір ұзақтығы бар. Ұстама 1 минут пен 3 минут арасында жүреді. Сондықтан сол кезде ол өз фазасымен, кезеңімен жүріп отырады. Әрине оны көрген адам шошып кетеді. Өзінің мәжбүрсіздігінен ешқандай көмек көрсеткеннен нәтиже жоқтығынан абыр- сабырға түседі. Жалпы оны көрген адамдар немесе ата-анасы болсын, дәрігер мамандар кейде сасқалақтап қалатыны осы жағдайдан кейін болады. Қандай да бір көмек көрсетсе де өздігінен жүретін ұстаманың типі болып табылады.


Эпилепсия емделе ме?

– Ұстамалардың қауіпті түрлеріне тоқталып кетсеңіз.

– Ұстамалардың қауіпті түрлері бар. Егер ұстама 5 минуттан асса, міндетті түрде жедел жәрдем шақыру керек. Себебі өміріне тікелей нұқсан келіп тұр. Сол үшін жедел жәрдем арқылы арнайы белсенді терапия шараларын жүргізу арқылы ұстаманы тез арада тоқтатуға тырысу керек. Себебі ол ары қарай жалғасып жатса, жарты сағаттың көлемінде немесе одан да көп уақытқа созылса тоқтату қажет. Мысалы бір ұстама болды. Ол уақыт өте қайталанатын болса, бұл эпилепсиялық кома немесе эпилепсиялық статус деп аталады. Сол күйден адамның миы шыға алмай қалады. Ол жерде жедел жәрдем көмегіне жүгініп, дереу қарқынды терапия немесе жансақтау бөлімінде көмек көрсетілуі тиіс.

– Эпилепсияның ерекшелегі.

– Эпилепсияның ерекшелігі ұлт таңдамайды, жыныс таңдамайды, адамның жасын, әлеуметтің ахуалын таңдамайды. Бұл күйге адам кез келген жаста, кез келген уақытта түсуі мүмкін. Ол бірнеше себептерден туындауы мүмкін.

– Эпилепсия тұқым қуалай ма?

– Халықтың арасында кең тарап, сіңіп кеткен түсінік бар. Бізде туа біткен деген термин қолданылмайды. Мұндай жағдайда туа біткен деген сөз жоқ. Бұл жерде тұқым қуалаушылыққа бейім формасы немесе жүре пайда болған түрі деп шешім қабылдауы тиіс. Эпилепсияның тұқым қуалаушылыққа бейім формасының өзінің ерекшеліктері бар. Олар жасына байланысты. Олар көбінесе жасына тәуелді уақытта пайда болады. Көбінесе нәрестелік, балалық және бозбалалық шақта пайда болады. Эпилепсия үш кезеңде көрініс беруі мүмкін.

– Ересектерде пайда болатын эпилепсияның негізгі себептері.

– Ересектерде пайда болатын эпилепсияның себептері инфекциялық аурулар. Оны нейроинфекция деп атайды. Содан кейін басының жарақаттары, ми қыртыстарының зақымдануы кесірінен және мидың қыртысының даму ақаулары болуы мүмкін. Бұл жүре пайда болған эпилепсияға жатады. Туа пайда болған эпилепсия анасының ішінде жатқан кезде пайда болады. Содан кейін аутоиммунды формалары болады. Сонымен қатар белгісіз себептерден пайда болатын эпилепсия деген категория бар. Бұл түрі әлі толық зерттеліп бітпеген.

Эпилепсия емделе ме?

– Эпилепсиялық талма кезіндегі алғашқы көмек. Ұстамасы ұстаған адамға қалай көмектесу керек?

– Эпилепсиялық талма кезінде міндетті түрде алғашқы көмек көрсетілуі тиіс. Тілін жұтып қойған жағдайлар кездесіп жатады. Бұл спортшыларда жиі кездеседі. Ол жұдырықтасатын спорттың түрлері немесе басынан қатты соққы алған кезде, абайсыздан құлағанда және мида қысылу себептерінен мидың бөліктері қозғалысқа ұшырағандықтан эпилепсиялық ұстамаға ұқсас қатты тырысу сияқты фаза жүреді. Сол кезде адамның тілі сынып кетеді. Тіпті ауыз қуысы мен мұрын қуысынан шыққан ауалар тыныс жолдарын бітеп тастауы мүмкін. Сол үшін ол жерде міндетті түрде тіл ұстайды. Оны спортшылар кезінде бірден құлап жарақат алған кезде көрініс берген кезде ұсталынуы тиіс. Бұл адамның өмірінде ешқашан эпилепсия болған емес. Ол сол мезетте ғана пайда болды. Ол ешқашан ары қарай қайталанбайды. Бұл жерде тек тыныс жолын босатып, ашу керек. Ауаның еркін өтуіне жағдай жасау қажет. 

Эпилепсиясы бар адамда, ол бірнеше рет қайталанса, ұстамасы бар, диагноз қойылған болса немесе классикалық эпилепсиялық көрініс белгісі көрінді. Мұндай жағдайда ең алғашқы көмек – адамның жағдайын көру. Эпилепсиялық талма кезінде ол адамның басы бұрылып-бұрылмағандығына , айнаасындағы затттардың бар-жоғына және қаупісіз жерде екенін анықтау қажет. Азаматтық қорғаныс ережесіне байланысты бірінші кез келген адамға көмек көрсететін кезде сіз бірінші өзіңіздің қауіпсіздігіңізді байқауыңыз керек. Содан кейін ғана ол адамға келесі көмекті көрсетесіз. Егер де ұстама тырысу, селкілдеу фазасында жүріп жатса, оң жақ қырынан бұрып ұстау керек. Оң жақ қырынан жатқан кезде адамның тыныс алу жолдары еркін болады. Ұстама кезінде құсықты массалар, сілекейлер шығуы мүмкін. Егер арқасымен жатса олар өкпеге өтіп кету немесе сол құсықты массаға немесе сілекейге тұншығып қалу ықтималдылығы өте жоғары. Бұл жағдай адамның өміріне нұқсан келтіруі мүмкін. Кейде өлім көрсеткішімен аяқталып жатады. Сондықтан оң жақ қырынан жатқызып, уақытты нақтылау керек. Талма нешеде басталып, аяқталғанын білу керек. Көмек көрсетіп жатқан адамнан басқа адамдар болса, жедел жәрдем шақыруы керек. Егер эпилепсиялық талма әлеуметтік ортада, көшеде, мейрамхана, автокөлікте, немесе автобуста, пойыз, ұшақтарда орын алса жедел жәрдем немесе медициналық көмек шақыру керек. Медициналық жәрдем келген кезде талманы көріп бағалайды. Көмек қажеттігін анықтап, міндетті стандартты шараларды жүргізеді. Жарақат алған немесе алмағандығына көз жеткізеді. Сосын тыныс алуына кедергі зақымдардың бар- жоғын анықтайды. Қан қысымын тексереді. Содан кейін пульс қалыпты межеден асып тұрғандығын қарайды. Егер қосымша қандай да бір белгілер болса, соған сәйкес көмек көрсетеді. Қан қысымы көтерілсе, басы ауырса немесе тоқтаусыз құсу болып жатса, дәрілер береді.

– Эпилепсиялық талма болған жағдайда, адам қанша уақытта өз-өзіне келеді?

– Эпилепсиялық талмадан кейін адамның өзіне келуі бірнеше фазадан жүруі мүмкін. Алғашқы 1-2 минут есеңгіреу фазасы.Ұстама аяқталғаннан кейін немесе ұйқышылдыққа тарту фазасы. Толық өзіне келу 5-30 минуттың арасында жүреді. Кейде 1 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Егер 30 минуттың ішінде өзіне өзі келе алмай жатса, міндетті түрде жедел жәрдеммен ауруханаға баруы тиіс. Науқас ауруханда қосымша тексерістен өтеді. Нейрохирург немесе невролог мамандары тексеріп көргені дұрыс. Талма кезінде науқас 30 минутқа дейін өзіне келсе, үйінде қалдырылуы мүмкін. Егер басқа белгілерінің барлығы қалыпқа келген болса, қан қысымы мен жүрек соғысы тұрақталса, жедел жәрдемге мұқтаж емес. Бұл эпилепсиялық ұстамадан кейін науқас қалпына келді деген сөз.

– Эпилепсиялық талма кезінде неге мән беруіміз керек?

– Эпилепсиялық талма кезінде тіл ұстау немесе жақ ашу жоқ. Бұл сирек кездесетін жағдай. Кейбір эпилепсияларда тіл тістеумен жүруі мүмкін. Ондай жағдай болып жатса, науқасты емдеп жатқан дәрігері қосымша ұсыныс айтады. Қай кезде, қалай ұстау керектігін айтады. Жалпы талма кезінде тек оң жақ қырынан жатқызу керек. Мейлінше көріністерді есте сақтау керек. Сосын соны жедел жәрдемге немесе туыстарына айтып беруі керек. Кейін жоспарлы түрде дәрігеріне барғанда айта білуі маңызды. Таза эпилепсиялық ұстама 3 минутқа дейін жүреді және сол уақыттың ішінде басылады. Қалған кездің барлығында есеңгіреу, өзіне өзі келу фазалары болуы мүмкін.

– Эпилепсия жас талғай ма?

– Эпилепсия жас талғамайды. Ол туылған күннен бастап қартық шақта да болуы мүмкін. Менің есімдегі жасы үлкен науқас 78 жаста болған.

– Қандай зерттеу әдістерін қолданасыздар?

– Ең алдымен болған ұстамаға толық бағалау жасау керек. Бұл эпилепсияны диагностикалаудың бірінші фазасы немесе бірінші деңгейі деп аталады. Ол жерде болған ұстамаға анықтама беру. Ол эпилепсиялық ұстама ма, эпилепсиялық емес ұстама ма соны анықтауымыз қажет. Жалпы 50-ге жақын эпилепсия ұстамаларын соған ұқсайтын жағдайлар адамда кездесуі мүмкін. Оны имитатор эпилепсия дейді. Сыртқы көрінісі өте ұқсайды. Сол үшін салыстыруымыз қажет. Жалпы ұстаманың қалай болғанын толығырақ сұрап анықтаймыз. Екінші фазасы ұстама қандай эпилепсияның түріне тән. Ол белгілі бір аймақтан басталып жатқан, жалпыланған немесе әлі белгісіз түрі осыны білуіміз керек. Сол кезеңде диагностика, зерттеу әдістері жоспарланады.

Егер сіз белігілі бір аймақта ошақты түрінен күдіктенсеңіз онда сіз МРТ, КТ жоспарлайсыз. ЭЭГ (электроэнцефалограмма) басты стандарт яғни эпилепсияны зерттеудің ең негізгі диагностика тесті болып саналады. Ол жерде 80% дейін эпилепсияның көрінісі, қандай түріне тән, қай кезде тіркеліп жатқандығын көруге болады. 20% жағдайда ЭЭС (электроэнцефалограмма) ол кейде көрсетпеуі де мүмкін. Ол жоқ деген сөз емес. Зақымдалған аймақ тереңде болуы мүмкін. Сырттан тіркейтін сигналдық көрсеткіштер оны қабылдап үлгермеуі мүмкін. Ондай жағдайда дәрігерлерге қосымша ақпарат зерттеу жоспарын тағайындауы керек. Үшінші этапта эпилепсияның қандай эпилепсияның синдромы неден пайда болды, не себепті әсер етті деген зерттеулер жүргізіледі. Ол арнайы тікелей эпилепсиямен айналысатын орталықтар немесе арнайы ауруханаларда жүргізіле бастайды. Оны толық диагностикалық шаралардың эпилепсияға бағытталған бүкіл тексерілулер түрлері бар орталықтар ғана жүзеге асыра алады. Сол жерде себебі анықталады. Ол генетикалық, аутоиммундық немесе инфекциялық түрінің қайсысына жататындығының себебі анықталады. Мидың зақымдануы, инсульт, травма немесе мидың даму ақауларынан болып жатқан қандай түрі екенін саралай бастайды. Бұл эпилепсияның төртінші деңгейі.

– Эпилепсияның алдын алу жолдары.

– Эпилепсияның алдын алу деген болмайды. Жоқ эпилепсияның алдын ала алмайсыз. Эпилепсия пайда болса, ғана диагноз қойылады. Онда күтім шаралары, сақтық шаралары жүргізіледі. Ол ұстама келесіде қайталанбас үшін диагностикалық деңгейде, қандай түрі, қандай түріне ән, қандай синдромға тән екенін анықтағаннан кейін эпилепсияның түріне сәйкес өзінің ұстамалары пайда болады. Барлық адамға бірден саған ашулануға болмайды, теледидар көрме, телефон ұстама деген ұсыныстар жарай бермейді. Себебі кейбір адамдар қанша телефон пайдаланса да эпилепсиялық ұстамаға әкелмейді. Ал кейбіреулерде керісінше көздің сезімтал жүйесіне байланысты пайда болатын эпилепсияның кейбір түрлері олар тікелей қоздырушы немесе себепкер болып саналады. Оны жарыққа сезімтал формалы эпилепсиялар деп аталады. Ондай жағдайда телевизор көру, жыпылық шамдар, арнайы паттернжері немесе ақ-қара жолақтары, шахмат тәрізді орналасқан ақ-қара шеңберлер, зигзактар әсер етуі мүмкін. Мұны оқу кезінде пайда болатын эпилепсия деп атайды. (Эпилепсия чтение). Бұл ақ-қара жолақ қайталана беретіндіктен кейбір адамдарда ұстама шақыруы мүмкін.

– Қандай жағдайда эпилепсиялық ұстамалар ұйқы бұзылыстарына тәуелді?

– Көп жағдайда эпилепсиялық ұстамалар ұйқы бұзылыстарына көп тәуелді. Электроэнцефалограмма тексерісі алтын стандарт болып саналса да, одан бөлек ұйқы сатыларын да зерттейміз. Себебі ұйқы 80%-дан жоғары эпилепсиялық мидың қозуларын күшейтеді. Сол кезде тексеріс жасаған кезде көбірек анықталады. Қандай сатысында, қандай мезгілінде күшейеді немесе азаяды. Соған сәйкес көп адамдарда ұйқыға тәуелді ұстамалардың күшеюі жүреді. Екінші жиі кездесетін себептер бұл кез келген ыстыққа байланысты іс шаралар. Ол күннің сәулесі болсын немесе өзінің қызуы көтерілсе, ыстық моншада ұзақ отырып қойса немесе ыстық ток арқылы беретін шаралар яғни физиоемдеулер ауруды шақыруы мүмкін. Ол жиі шақыратын түрлері. Үшінші – алкагольді ішімдіктер. Қазақтың сусыны қымыз да алкогольді ішімдіктер қатарына жатады. Онда 4% промильге дейін спирт бар. Олар да эпилепсияны күшейтуі мүмкін. Сондықтан байқап пайдалану керек. Ал саумалды пайдалануға болады. Ол жерде ашымаған, спирт жоқ әрі денсаулыққа пайдасы зор.

– Эпилепсиямен ауыратындарға мемлекет не ұсына алады?

– Жалпы эпилепсиямен ауыратын адамдар әлеуметтік жағынан осал топқа жатады. Бұл категория қатарына қант диабеті мен эпилепсия жатады. Бұл аурумен ауыратындар мемлекеттің жіті қадағалауында. Екеуі де созылмалы күй болғандықтан олардың кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер мемлекеттік тегін тізімге кірген. Олар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Бұл жағынан біздің мемлекет тарапынан өте үлкен іс-шаралар жүргізіліп, қазіргі таңда елімізде 8 шақты дәрінің түрі тегін беріледі.

Егер әлемде 35 ұстамаға қары дәрінің түрі болса, біздің елімізде оның 13 түрі тіркелген. Соның жартысынан көбі Қазақстанда тегін беріледі. Бұл өте үлкен көмек.

– Эпилепсияны емдеу кезінде қандай нәтижеге жетесіздер?

–Эпилепсия емдеу кезінде біз екі нәтижеге жетеміз. Бұл ұстаманы біз тұрақты бақылап жатырмыз. Ол ремиссия деп аталады. Бір жылдың ішінде бірде бір ұстамасы қайталанған жоқ немесе дәріге төзімділік резиденттік форма. Қанша емдесек те ұстама үш айда бір рет міндетті түрде қайталанады. Ондай жағдайда төртінші деңгейі диагностикасына байланысты себебін анықтап, неден болып жатқанын, неден шақырылып жатқанын зерттеп көріп, сол себептерді жоюға тырысады. Ол кезде түрлі қосымша ем-шаралары қолданылады.


Эпилепсия емделе ме?

– Қандай жағдайда ота жасалады?

– Ұстамаға қарсы дәріден бөлек кейбір адамдарға ота жасалынады. Ота барлық адамдарға жасала бермейді. Себебі анықталған жағдайларда мидың қатерлі емес ісіктері эпилепсиялық ұстамалар шақырады.Мидың даму ақаулары болса, міндетті түрде ота жасалынады. Сондықтан кейде азаматтарымыз ота жасатыпты біз де жасатайықшы деп жатады. Үш жылда бір рет ұстамасы болған, режим сақтап, күтініп жүріп дәріні үзбей ішіп жүрген кезде қайталанғанда ота туралы ойлай бастайды. Ол қате түсінік. Ота жасау мәселесін қарастыру үшін, нақтылап зерттеулер жасап, ота жасауға көрсеткіші бар жоқтығын анықтауымыз қажет.

– Ота қаншалықты әсер етеді? Науқастың жазылып кетуіне кепілдік беріле ме?

– Дүниежүзінде эпилепсиядан жазылып кетеді деп ешкім кепілдік бермейді. Әлеуметтік желілерден эпилепсияны толығымен емдейміз деген жарнамаларды көріп жатамыз. Бұл адамдардың көңіл-күйін пайдалану деп ойлаймын. Адамдар   ауыр күйге ұшырағандықтан, барлығына дайын болады. Кейде алданып қалып жатады. Сол үшін дүниежүзінде осы эпилепсиямен айналысатын орталықтарда толығымен емдейміз деп айтпайды. Ота жасаудың өзінің нәтижелері бар. Ота жасалғаннан кейін бір жыл уақыт өту керек. Бір жылдан кейін Эмкель классификациясы бойынша төрт топқа сараланады. Яғни бірінші топ адамдарда эпилепсиялық ұстама мүлдем қайталанған жоқ. Дәрілері біртіндеп тоқтатылды. Тоқтатылғаннан кейін үш жылдан соң қайталанған жоқ. Бұл – бірінші топ. Оны байқаған болсаңыз, бір жыл жеткіліксіз. Ота жасағаннан кейін де 3-5 жыл адам қаралады. Сол кезде ғана эпилепсия толық шешілді деп айта аламыз. Екінші ұстама ота жасалынғаннан кейін мүлдем қайталанған жоқ. Бірақ белгілі бір уақытқа жеткеннен кейін дәріні азайту барысында дереу тоқтатылып, үзіліп қалған кезде арасында бір рет қайталанып қалуы мүмкін. Дәріні қабылдамай қойған кезде қайталанып қалуы мүмкін. Бұл екінші категория болып табылады. Үшінші топ алдыңғы жиілігіне қарағанда едәуір азайды. Бұрын ай сайын болып тұратын болса, үшінші топтағы адамдарда үш айда бір қайталанып тұрады. Бірақ анағұрылым сирейді. Ол да көрсеткіш. Төртінші топ 5% жағдайда ешқандай өзгеріс болмауы мүмкін. Отаға дейін, отадан кейінгі жағдай еш өзгеріссіз кейде адамдарда отадан кейін одан сайын күшейіп кетуі мүмкін. Бұл дүниежүзіндегі көрсеткіш. Ота жасайтын орталықтардың барлығы осы саралауға жүгінеді. Адамдарға ота жасай салып, қандай нәтижеге жеткенімізді біз білмейміз. Бізге уақыт керек. Кем дегенде бір жыл орташа еесппен 4 немесе 5 жыл уақыт керек. Сол кезде ғана қандай нәтижеге жеткенімізді айта аламыз. Кейбір науқастар осы кезеңде 60-қа жуық самай бөліктік оталар жасалынды. Самайдың зақымданған бөліктерін алып тастау арқылы жасалатын оталар. Кейбір адамдарда дәрі шегерілу бағдарламасы басталады.Отадан кейін де олармен үздіксіз жұмыс жүргізіледі. Көп адамдар ота жасап болғаннан кейін, тұтқыннан шыққан секілді өздерін сезінеді. Бәрін тастап кетеді. Дәрілік препаратты ішпей қояды, режим бұзады. Өкіншіке орай ота жасағаннан кейін де өмір бойы күтініп жүру керек.

– Қанша жағдайда эпилепсия тұқым қуалауы мүмкін?

– Қазақстанда мұны доминантты форма дейді. Әр ұрпақта міндетті түрде көрінетін эпилепсияның түрлері өте аз. Бірақ тұқымқуалаушылықа бейім формасы ол ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бірақ көрініс әр кезеңде әр түрлі көрінеді. Ол үшін қосымша факторлар әсер етуі тиіс. Оған анасының сол кездегі жүктілігінің ауыр ағымы, анасында болып жатқан түрлі қосымша ақаулар, бүйрек, қан тамыр, қан аурулары, инфекциялық аурулар сол баланың миының дұрыс дамымауына қосымша жағдай жасайды. Инфекциялық аурулар қосылған кезде немесе вакцинация салғаннан кейін мида бұзылыстар жүзеге асады. Вакцина салынғаннан кейін бізде эпилепсия болып қалды деген жағдайлар бұрыннан мида мутацияның пайда болуына бейімділік болғандығының көрсеткіші болып табылады. Ол қосымша факторлар әсерінен көрініс береді. Олай дейтін себебіміз Италия елінде 2014 жылы вакцинациядан кейін пайда болған эпилепсия. Бұл тұқымқуалаушылыққа бейім форма бар деген сөз. Мидың даму бөліктерінің бұзылысын шақырған немесе кейбір бөліктері әлсіздеу болған. Олар вакцинацияға өте сезімтал. Сондықтан оларда қосымша бұзылыстар жүреді. Сол үшін де балалар неврологиясында ауыр жағдайлар кездесіп жатады. Қазір балалар неврологиясында аутоиммунды инфекциялар немесе вакцинацияға сенім жоқтықтың кесірінен бұрын елімізде кездеспеген аурулар кездесіп жатыр. Ол кезінде вакцинация алмағанның салдарынан орын алады. Кейін ересектеу болғанда сол инфекцияға жолыққан кезде ол тотальды әсер етіп, қайтымсыз процестерге ұшыратып жатады. Кейде өлім көрсеткішімен аяқталып жатады.

– Тәжірибеңіздегі науқастардың оқиғасымен бөліссеңіз. Қандай жағдайда эпилепсияға күдіктену керек?

– Мысал ретінде айтатын болсақ бір науқаста 25 жасында бірінші рет ұстамасы болды. Эпилепсия ұйықтап жатқанда болған. Сосын ата анасы бірге келіп, бізде ешқашан ешкімде бұл ауру болмаған деп хабарлады. Бізден не себептен осы жаста пайда болды деп сұрап жатады. Зерттеу қорытындысынан кейін қосымша сұрақтар қойып жауап бердік. Бұрын бас аурулар жиілігі, өздігінен ешбір іс-шара жасамай жату, бас айналу, түсініксіз сезімдер пайда болған.Бірақ науқас мән бермей жүре берген. Ол ойланып, кейде басқа әлемге түсіп кеткен жағдайлар орын алған. Артынан әлсіздік сезініп, ұйқысы келген. Науқас тіпті адамдарды естіп , жауап бере алмай қалған кездер де болған екен. Анықтай келе эпилепсияның 15 жаында басталғанын білдік. Науқас кеш жатып, ерте оянғанда күшейетіндігін айтты. Ол эпилепсия сол жасында басталып кетті деген сөз. Ұстаманың ерекшелігі адам аяғында тұра береді, құламайды. Ұстама қысқа уақытта қайтады. Эпилепсия кезінде адамдар ішкі сезімдерін айтуға қорқады. Сондай белгілер жиі қайталана береді. Көздерінде жарықтар пайда болады. Кейде қолы үлкейіп кеткен секілді, қабырғалар құлап бара жатқандай көрініп жатады да басылып қалады. Ол адамдар оны айтсам психиатрға жібереді деп өзгелерге айтуға қорқады. Менің маман ретінде айтарым кез-келген түсініксіз, бұрын соңды болмаған сезімдер болса, адамдар зерттеу әдістерін өткені дұрыс. Қан анализінің құрамын, қан қысымын көру, терапевт, невролог мамандардан өту керек. Жалпы скрининг тест жүргізілуі тиіс. Кез-келген басы ауыратын адамдар міндетті түрде электроэнцефалолограмманың 15-20 минуттық тесттен өтеді. Ол тез арада түсіріледі. Бұл жерде арнайы провакациялық пробалар жасалады. Сол кездерде бұл ауру адамдарда анықталып жатады. Бұл шамамен 18% жағдайда анықталып жатады.

– Эпилепсия емделе ме?

– Бұл жерле үш термин қолдансақ болады. Ол біреуі иа жазылады. Ол деген тұқымқуалаушылыққа бейім формалары. Олар өздігінен белгілі бір жаста пайда болып,өздігінен жойылып кетеді. Сосын қайталанбайды. Екіншісі емдеу барысында біз толық бақылауда ұстап отырмыз. Бұл – ремиссия. Ол адамдар 5-8 жыл дәріден біртіндеп кетіруге мүмкіндік туады. Олар қауіп- қатер тобында жүреді. Сол уақытта ұстама мүлдем қайталанбаса, диагностикалық тест пен электроэнцефалограмма қалыпты деңгейді көрсетіп тұрса, ол адамда жазылды деген пайым шығады. 5-8 жыл ұстамасы болмай, кейін дәрі тоқтатылса, қайталанбаса шешілді деп саналады. Үшінші қолданылатын термин бұл дәріге тұрақтылық. Дәрімен толық бақылауға болады. Мұндай жағдайда бақыланатын және бақылауға келмейтін эпилепсия деп бөлеміз.

– Эпилепсияны емдетін орталықтар туралы айта кетсеңіз.

– Жалпы Эпилепсиялық орталықтар Қазақстанның барлық үлкен қалаларында бар. Эпилепсиямен жұмыс істеу жалпы менің ғана жұмысым емес, командалық жұмыс болып табылады. Науқастармен сөйлесу, оларды қабылдауға дайындаудан жұмыс басталады. Сосын ары қарай басқа бөлімдерге бағыттай бастаймын. Эпилепсияны тек қана эпилетолог емдейді деген түсінік болмауы керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында 18 маусымнан бастап Эпилептология орталығы құрылды. Орталықты құруға шет елден маман көмектесті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында эпилепсияны емдеуге арналған диагностикалық іс шаралардың бүкіл шаралары бар деп айтсақ болады. Шет елде жүргізілетін тексерілістердің 80 % осы ауруханада жүргізіледі. Тексеріс кезінде науқаста ұстама болып қалса, арнайы көмек қобдишалары және өзге де құрылғылар дайын. Науқастарға арналған арнайы жабдықталған үш палатамыз бар.

– Сұқбатыңызға рахмет

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға