Энциклопедиялық басылымдардағы Ахметтану ғылымының негіздері
«37-нің қасақана жасалған қасіреті» 1957 жылы біршама сейілгенімен, кеңестік кезеңдегі ғалымдардың екі жарылған пікірлерінің салдарынан Алаш Арыстарын түгел ақтаудың мүмкіндігі болмаған... Ұлт зиялыларының басты адамдары тарих тасасында қалып қойды. Олардың кейбір туындыла- ры қара құлыптың құрсауына салынса, кейбір шығармалары
«халықтыкі» делініп, ел аузында жүрді. Халық қалаулыларын жұтқан «қара құрсау» 51 жылдан соң қайта қаралып, 1988 жылы қарашаның 4-і күні Алаштың үш арысы – Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов толық ақталып, олардың шығармашылары ашық түрде қайта жарыққа шықты.
Ғалым ғұмырнамасы мен шығармаларының негізгі кезеңдерін баяндауда мұрағат деректерінің толық игерілмеуі, пайдаланған материалдарға сілтеменің дұрыс көрсетілмеуі, БАҚ-та жарияланған соны деректердің игерілмеуі ахметтану мəселесіндекеріықпалынтигізді.Кейбіркелеңсіздіктердіескере келіп, «ғылыми анықтамалықтар мен мерейтойлық құттықтау- лебіздерді қайта жаңғыртып, зерделеуді – ахметтану мəселесінің алғышарты» деп зерттеуде. Негізінен, баспа бетінде жария- ланым көрген деректер бойынша қарастырсақ,ахметтанудың алғаш ғылыми тұжырымдалуы – 1919 жылдан басталады. Атап айтсақ, 1919 жылы А.Н.Самойлович «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» деген ғылыми мақала жазса, кейін бұл үрдіс жалғасын табады. Самойловичтің мақаласы кейін 1930 жылы тұлға түрмеде отырған тұста, Мəскеуде жарық көрген «Əдеби энциклопедия» атты жинақтың 1-томына кіреді. Бір ғажабы, Ресей ғалымдары арасында жеке адам баласының ба- сында болып жататын түрлі қайшылықтарға қарамастан, оның ғылымдағы жетістіктері бағаланып отырған. Қазақ елінде А.Байтұрсынұлының ұлты үшін жасаған жұмыстары қасақана
«халық жауы» деп қараланып жатқанда, орыс ғалымдары аталған жинақтың 1931 жылы жарық көрген «Əдеби энцик- лопедияның» 5-томына «Қазақ əліпбиі»2 деп енгізеді. Міне, нағыз ғылымдағы шынайы адалдық, ғылыми жетістіктің бағалануы!
1924 жылы Е.Д.Поливанов «Қазақ-қырғыздың жаңа (Бай- тұрсыновтық) емлесі», 1928 жылы Н.Ф.Яковлев «Əліпби құрылымының математикалық жүйесі» туралы ғылыми мақалалар жазды 1974 жылы А.Н.Кононов «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» атты ғылыми анықтамалық-мəліметтер бергені тарихтан мəлім.
Зерттеуші А.Самойлович ғылыми деректік мақаласында А.Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігін биография- лық анықтамалық шолуға сыйғызған, қазақ ғалымын: «...қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматика- сы жəне қазақ əдебиеті теориясының негізін қалаушы» деп жазды (Б. 305-306). Самойловичтің ғылыми анықтамалық- ақпараттық мақаласын негізге алсақ, ахметтанудың іргетасы 1922 жылғы Міржақып Дулатұлы мен Елдес Омаровтың мақалаларынан да ертерек, 1919 жылы-ақ басталған. Себебі, аталған А.Самойловичтің мақаласында Ахметтей қоғам қайраткерінің 1919 жылға дейін жасаған сан алуан жұмыстарын ғылыми сипаттамаға сыйғызған. Зерттеуші мəліметіндегі:
«көрнекті қазақ ақыны», «жорналшы», «педагог» деген танымдық сипаттаулар дəл сол уақытта қазақ ағартушысының атқарған негізгі жұмыстары болатын. Ал қазақ зиялылары тарапынан 1922 жылдан бастап зерттеліп, бағаланып жүрген
«Қазақ» газеті туралы А.Самойлович: «…қазақ халқының қоғами-мəдени санасын оятушы басылым» деп, айырықша атап айтты. Бұл күні əдебиеттану ғылымында «төлтума» деп тануды ұсынған «Қырық мысалдағы» қазақы сипат пен өрнекті тілді «…Байтұрсыновтың тілі лирикалық шығармаларында қарапайым, өзінің бай, көркем, поэтикалық мəнерімен ерек- шеленеді» дейді. Міне, өзге ұлт өкілі орыс ғалымы берген нақты əрі құнды ғылыми тұжырымдаманың қазақ зиялыла- рынан 3 жыл бұрын айтылған. А.Самойловичтің ғалым тура- лы берген сипаттамасы алғашқы танымдық ғылыми бағалау. Бұл – А.Байтұрсынұлының ғылымдағы қайраткерлігіне қазақ ғылымы тұрғысынан айтылған тұңғыш ғылыми анықтамалық сипаттама. Орыс зерттеушісі Ахаң туралы айшығын «қазақ- тың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы» деп түйіндеген.
"Ел - шежіре"