Жаңалықтар

Еңлік, ZAQ және Мирас Жүгінісов Қазақстан тарихындағы ең ұзақ сайфер шығарды

Еңлік, ZAQ және Мирас Жүгінісов Қазақстан тарихындағы ең ұзақ сайфер шығарды
Фото: inDrive 04.09.2024 08:28 492

Танымал қазақстандық орындаушылар Еңлік, Мирас Жүгінісов және ZAQ inDrive.Межгород жобасымен бірлесе отырып, Қазақстан тарихындағы ең ұзақ сайферді жазып, 35 минуттық трекке 250-ден астам қатысушыны біріктірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоба жаңадан бастаған әртістерге үлкен сахнада өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп, Қазақстан мәдениетінің көптүрлілігі мен бірлігін бейнелейтін бірегей музыкалық шығарма жасады. Сайфер – хип-хоп мәдениетінде бірнеше әртіс бір битке кезек-кезек өз куплеттерін орындайтын ұжымдық орындау түрі. inDrive.Межгород жобасы аясында сайфер ауқымды сипатқа ие болып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген орындаушыны бір трекке біріктірді.

Жоба 17 шілдеде қазақстандық танымал орындаушылар Еңлік, Мирас Жүгінісов және ZAQ-пен бірге басталды. Жоба аясында кез келген адам қатыса алатын челлендж жарияланды. Ол үшін әркім өз қаласы туралы авторлық куплетті кез келген тілде жазып, TikTok-қа үш орындаушының бірімен дуэт ретінде #inDriveCypher хэштегімен жүктеу керек болды. Нәтижесінде 250-ден астам адам жобаға қатысып, ел тарихындағы ең ұзақ сайфердің 35 минуттық трегінің авторлары атанды.

Тамыздың соңында жоба ұйымдастырушылары үш жеңімпазды таңдады, олар: Сапархан Пердебай (Sapar), Айдын Темірбекова (ATEM) және Сұңқар Айдынұлы (Aqsunkar). Жеңімпаздар сыйлық ретінде ZAQ, Еңлік және Мирас Жүгінісовпен бірге тректің толық нұсқасын жазып, бейнебаянға түсіп шықты. «JOL» трегі қазақ тілінен аударғанда жол дегенді білдіреді. Бұл ән үйге, бастауларға оралу туралы, әр адам үшін маңызды нәрселер туралы. Оның көмегімен авторлар көпшілікке таныс туған жерге оралудың жылы сезімін жеткізгісі келді. Сондай-ақ әр адамның өзіндік ерекше жолы бар екенін, дұрыс таңдау жасап, ішкі тыныштық пен сенімділікті сақтаудың маңызды екенін еске салғысы келді.

Жоба жеңімпазы Сапархан Пердебай:

Мен таңғалып, бұл жағдайға сенбедім, өйткені мен рэппен айналысқаныма небәрі үш ай болды. Маған коллаборация туралы хабарлаған кезде қуаныштан есімнен танып қала жаздадым, – деп өз әсерін бөлісті.

inDrive.Межгород жаһандық маркетингінің жетекшісі Валентина Куликова компанияның әрқашан инновацияларға және шығармашылық бастамаларды қолдауға ұмтылатынын атап өтті.

«Ең ұзақ сайфер» жобасы – бұл тек музыкалық эксперимент қана емес, ол бүкіл Қазақстаннан талантты адамдарды біріктіріп, оларға өзін-өзі көрсетуге арналған платформа ұсыну мүмкіндігі. Біз өз компаниямыздың рухын және елдің мәдени әртүрлілігін бейнелейтін бірегей нәрсені жасағанымызға мақтанамыз, - деді Куликова.

Бұл күтпеген және бірегей жоба болды. Өзі ісін шын сүйетін адамдармен жұмыс істегеніме қуаныштымын! – дейді қазақстандық әнші Еңлік.

Бейнебаянның соңғы нұсқасы жақында көруге қолжетімді болады, ал қазір жобаның қысқа нұсқасын YouTube-тен көруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға