Жаңалықтар

Энергетика министрлігі Степногордағы ЖЭО апатына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі Степногордағы ЖЭО апатына қатысты пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.02.2024 21:40 661

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апаттан тұрғындар жылусыз және жарықсыз қалған еді. Энергетика министрлігі Степногор ЖЭО-да апаттар мен технологиялық бұзушылықтар болмағанын растады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

ЖЭО ақпаратына сәйкес, 10 ақпанда сағат 13:27-де 220кВ KEGOC желісі бойынша электр энергиясы үзілді. 14:07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілді. 14:15-те 5-ші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды. 14:20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС сорғыларды іске қосады, – делінген Степногорск әкімдігінің ақпаратында.

Энергетика министрлігі тексеру жүргізілетінін атап өтті.

"KEGOC" АҚ электр беру желісінің тоқтап қалуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтқан болатын, ЖЭО-да техникалық ақау жоқ. Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны арттыру жұмыстары басталды. Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету бойынша ақау болмас үшін желілік су айналымы ұйымдастырылған. Бұл дерек бойынша Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тексеру жұмыстарын бастады, – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға