Жаңалықтар

Энергетика министрлігі АЭС салу үшін басқа орын іздеуі мүмкін

Энергетика министрлігі АЭС салу үшін басқа орын іздеуі мүмкін
Фото: © Pixabay.com 22.08.2023 15:05 563

Энергетика министрлігі атом электр станциясын салу үшін басқа орын іздейді. Бұл туралы вице-министр Жандос Нұрмағамбетов айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атом электр станциясын салуға Алматы облысындағы Үлкен ауылының тұрғындары қарсылық білдірсе, министрлік жаңа орын іздеуі мүмкін.

АЭС салынатын орын туралы шешім қабылдау үшін Алматы облысы әкімдігінің пікірі қажет. Бүгін не иә, не жоқ – әкімдіктен жауап аламыз. Содан кейін станцияны орналастыру туралы шешім қабылданады. Бірақ станция салынбас бұрын техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау, барлық мүдделі тараптардың пікірі жиналады. Бұл жұмыс енді ғана басталып жатыр, - деді вице-министр Жандос Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС салу мәселесі бойынша алғашқы жария тыңдау өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға