Жаңалықтар

Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытына барды

ПМХЗ бас директоры Қуаныш Бишімов Энергетика министріне зауыттың өндірістік көрсеткіштері мен ағымдағы қызметінің орындалуы туралы баяндады.
Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытына барды
Фото: gov.kz 24.09.2022 23:12 1173

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) болды, деп хабарлайды El.kz.

ПМХЗ бас директоры Қуаныш Бишімов Энергетика министріне зауыттың өндірістік көрсеткіштері мен ағымдағы қызметінің орындалуы туралы баяндады. Ол Болат Ақшолақовқа қазіргі уақытта кәсіпорынның барлық қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және қойылған міндеттерді орындауға дайын екенін хабарлады. 

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның тапсырмаларын орындау үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-пен бірлесіп шешімдер қабылдауда.

Баяндаманы тыңдап, зауытты аралағаннан кейін Министр МӨЗ технологиялық объектілерінің тұрақты және апатсыз жұмысын, мұнай өнімдерін бірқалыпты тиеп-жөнелтуді, бірінші кезекте – АШТӨ және АЖҚС бөлшек сауда желісі үшін дизель отынын тиеп-жөнелтуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірге зауыттан ЖЖМ авто құю мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, күкіртті мұнайды қайта өңдеу жобаларын уақтылы іске асыру қажет.

Монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның шешімдері шеңберінде барлық объектілер:

- технологиялық өзара байланысты;

- бірыңғай технологиялық циклді қамтыған жағдайда зауыттың басқаруында болуы тиіс екендігі атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға