Жаңалықтар

Енді зират басына тас, мәрмәр, гранит, металл құлыптастар қоюға тыйым салынады

Енді зират басына тас, мәрмәр, гранит, металл құлыптастар қоюға тыйым салынады
Фото: © El.kz 15.10.2024 16:50 1210

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Жерлеу және жерлеу рәсімдері туралы» заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің сайтында жарияланды.

Жаңа заңға сәйкес, мұсылмандар арасында жерлеу рәсімдері бір стандартқа негізделеді. Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы марқұмды жерлеу рәсімдері, оның басына қабір салу, ескерткіш орнату рәсімдерін реттеу үшін арнайы пәтуалар шығарады. Мәселен, аталған заңның 22-бабына сәйкес, зиратқа тастан, граниттен, мәрмәрдан, металдан жасалған ескерткіш, мүсін, құлыптастар қоюға рұқсат жоқ. Мұндай белгілерді тек тарихи-мәдени маңызы бар зираттарға қоюға рұқсат етіледі. 

Сонымен қатар, бейіт биіктігі 70 сантиметрден аспауы тиіс. Бұл қоғам ішінде зәулім бейіттер салып кеткен теріс үрдісті жою үшін қолға алынып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға