Жаңалықтар

Енді жаһандық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін қызметтер әзірленеді

Енді жаһандық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін қызметтер әзірленеді
Фото: t.me/KZgovernment 14.01.2025 11:16 210

Үкімет отырысында «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электрондық коммерцияның қарқынды өсуі Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер терезесін ашатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға және Қазақстанның Орталық Азияның логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Бұл жердегі Қазпоштаның негізгі рөлі – электрондық коммерция нарығы үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету, — деп атап өтті Әсел Жанасова.

Спикер 2029 жылға қарай бір адамға шаққандағы сәлемдемелер саны дамыған елдер деңгейіне – қазіргі бес сәлемдемеден жылына 27 сәлемдемеге дейін көбейетінін айтты. Бұл жергілікті ойыншылардың да, трансшекаралық сауданың да өсуіне ықпал етеді, оның үлесі 19%-ға жетеді.

Сонымен қатар «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова Үкімет отырысында Қазақстанда цифрлық қызметтер әзірленіп жатқанын, олар азаматтардың жаһандық электрондық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін хабарлады.

Ол QAZPOST KERUEN АҚШ, Қытай, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші маркетплейстеріне тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ететінін, кедендік ресімдеуді жеңілдететінін, ал пошта қызметтері бүкіл еліміз бойынша ыңғайлы жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Қазпоштаның инфрақұрылымы мен QazPost супер қосымшасының арқасында біз жаһандық eСom-ды Қазақстанның әр түкіпірінде қолжетімді етеміз, — деп толықтырды Әсел Жанасова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға