Жаңалықтар

Енді студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие берілуі мүмкін

Енді студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие берілуі мүмкін
Фото: © Pixabay.com 15.01.2024 10:20 1136

Қазақстанда Жоғары оқу орнының студенттері, магистранттар, докторанттарға оқу ақысын төлеу үшін несие берілу жағы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру несиесін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынды.  Онда көрсетілгендей, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі. Төлем оқу орнын бітірген соң емес, қарыз берілгеннен кейінгі айдан басталады. Төлем уақыты студент академиялық демалыс алса шегеріледі.

Несиені алу үшін үміткер Қазақстан аумағындағы университеттің не одан кейінгі оқу орнының студенті болуы керек. Тәлімгердің қолында оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде қаражаты барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шарты болу керек.

Оқи отырыңыз:

Егер студент ата-ана қамқорлығынсыз қалса – тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті Қазақстан Республикасының бір азаматы кепіл болуы қажет. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге соңғы талап – міндетті емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға