Енді Шымкенттен Еуропаға тікелей ұшуға болады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
06.02.2025 14:32
113
Еуропаға ұшатын жаңа әуе рейсі іске қосылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Шымкенттен Будапештке ұшатын әуе рейсі ашылады.
Биылғы 27 мамырдан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады, - делінген мәліметте.
Ведомство әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шерзод Пулатов: Ассамблея – тұрақтылық пен келісім кепілі
Келесі жаңалық
Алматының бұрынғы бас сәулетшісі неліктен сотталып жатыр