Жаңалықтар

Енді Sergek жаяу жүргіншілерді өткізбеген жүргізушілерді тіркеуге алады

Енді Sergek жаяу жүргіншілерді өткізбеген жүргізушілерді тіркеуге алады
Фото: © Polisia.kz 19.12.2023 12:04 890

Алматыда Sergek интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ағымдағы жылдың 11 айында автокөлік дөңгелектерінің астында 556 жаяу жүргінші қаза тапқанын айтты.

Бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес “Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу” тіркеледі. Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

– Біздің интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі – жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу, – деп атап өтті әзірлеушілер.

 Сонымен қатар интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты бұзушылықтарды тіркейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға