Енді қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтып, түкірген адамдар көше сыпырады
Енді қоғамдық орындарда бейәдеп сөздер айтып, түкірген, не қоқыс тастаған адамдар көше сыпыруға міндеттеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Яғни, "қоғамдық жұмыс" қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін ғана емес, ұсақ бұзақылық үшін де тағайындалады.
Сенат тиісті заңды мақұлдады. Бірақ бұл тәртіп қолданылмайтын жағдайлар да кездеседі. Демке, жүкті әйелдер мен баласы үш жасқа толмаған келіншектер, кәмелет жасына жетпеген жасөспірімдер және бірінші не екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар әкімшілік жазаға тартылмайды.
Әрине, қоғамдық жұмыстар тізімін жергілікті атқарушы орган жасауға тиіс. Әрі, бақылау да солардың қолында болады. Яғни, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жұмысқа шыққан өз қызметкерлерінен бөлек, қоғамдық жұмысқа тартылғандарды да тізімге енгізеді. Егер, келмесе, аты-жөнін жазып, хабар беруі қажет. Сол кезде учаскелік полицей сот қаулысын орындамағаны үшін жауапқа тартады, – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.