Енді пойызда да WhatsApp пайдаланып, YouTube көруге болады

Фото: ©El.kz/Мақсат РЫСБЕКОВ
Фото: ©El.kz/Мақсат РЫСБЕКОВ
24.01.2025 11:20
1078
25 қаңтардан бастап №3/4 «Астана-Алматы» бағытындағы пойызда интернет іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, спутниктің көмегімен бірқатар пойыздың ішіне интернет қосу жоспарланып отыр.
Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Бірақ файл жүктей алмайды, - деп делінген компания мәліметінде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада ІІ ауысым оқушылары қашықтан оқиды