Жаңалықтар

Енді отандық фермерлер агротуризммен айналыса алады

Енді отандық фермерлер агротуризммен айналыса алады
Фото: t.me/KZgovernment 08.04.2025 13:23 415

Үкіметте фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысу құқығын беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығын қолдау және туризмді дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысуға рұқсат етіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында салалық ведомство министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысу құқығын беру ұсынылады. Қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Бұл шара ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға, ауылдық аумақтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға