Жаңалықтар

Енді мектептерге вейп алып кіруге тыйым салынады

Енді мектептерге вейп алып кіруге тыйым салынады
Фото: pixabay.com 08.06.2024 04:32 610

Оқу-ағарту министрлігі мектептерге кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімін толықтырды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Білім беру ұйымдарына және олардың аумағына енгізуге тыйым салынған заттар темекі өнімдері, вейптер және оның дәмдеуіштері. Яғни вейптерді енді мектепке алып кіруге болмайды.

Бұйрық 2024 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы 2 жылда елімізде электронды темекінің айналымы 300 есе артқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға