Жаңалықтар

Енді халықтың кредиті кешірілмейді. Агенттіктің шыдамы тауысылған

Енді халықтың кредиті кешірілмейді. Агенттіктің шыдамы тауысылған
Фото: © El.kz 20.10.2023 14:46 1263

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова енді Қазақстан азаматтарының несиесін кешіру секілді науқандар болмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұған дейін 2019 жылы 26 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 500 мың қазақстандықтың тұтыну мақсатына алған, 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі кепілсіз несиесін кешу туралы жарлық шығарған. Бұған бюджеттен 150 миллиард теңге жұмсалды.

Сол жолғы кредит кешірілгеннен кейін жағдай жақсармады. Қайта біздің қаржы секторында кредит көлемі қайтадан өсіп кетті. Оның ішінде проблемалық кредиттер де өсіп кетті. Егер мемлекет қаражатын бөліп, қайта-қайта кешіре берсек, одан да көп жаңа кредиттер көбейеді, - дейді Мәдина Әбілқасымова.

Ол осы ретте 45 күнге және 50 АЕК (172 500 теңге) сомасына берілетін микрокредиттерді толық алып тастауды ұсынды. 

Бүгінде 297 мың адамның 37 миллиард теңгеге проблемалық онлайн-микрокредиті бар. Мұндай онлайн-микрокредиттер немесе жалақыға дейінгі қарыз қашықтан беріледі. Көп жағдайда қарыз алушы тиісті деңгейде сәйкестендірілмейді, оның төлем қабілеттілігі бағаланбайды. Осыған байланысты агенттік 45 күнге дейін берілетін және сомасы 50 АЕК-тен аспайтын шағын кредитті толығымен алып тастау туралы бастама көтерді, - деді агенттік басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға