Жаңалықтар

Енді елден заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады

Енді елден заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады
Фото: polisia.kz 04.12.2024 10:13 197

Астанада Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Бұл қадам экономикалық қылмыстармен және активтерді заңсыз шығарумен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру, активтерді қайтару және заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруге келісті.

Меморандум ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару бойынша жаһандық күш-жігерді нығайтуға деген шешімімізді көрсетеді, – деп атап өтті ІІМ Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан.

Мұндай серіктестік халықаралық тергеулерге қолдау көрсету және мемлекеттер мен олардың азаматтарына тиесілі қаражатты қайтару арқылы экономикалық қылмыстарға неғұрлым жедел және тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді. Өзара көмек туралы меморандум елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ортақ міндеттерді шешу үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен тұрақты платформа құруға негіз қалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға