Енді eGov Mobile арқылы газға қосылуға болады

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
19.12.2024 14:18
478
eGov Mobile мобильді қосымшасымен жеке үйді газға қосуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеке үй иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайнда ала алады. Қызмет «QazaqGaz Aimaq»АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлға үшін тегін ұсынылады.
Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық жолды толтырып, мүлікке қатысты мәліметтерді растауы қажет.
Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда, техникалық шарт беріледі.
Ол техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шерзат Болаттың әкесі қашан бостандыққа шығады
Келесі жаңалық
Туризм және спорт министрінің кеңесшісі тағайындалды