Жаңалықтар

Енді Астана, Алматы мен Шымкентте жаңа келушілерге орын жоқ - депутат

Енді Астана, Алматы мен Шымкентте жаңа келушілерге орын жоқ - депутат
Фото: ortcom.kz 06.11.2024 16:53 709

Мәжіліс отырысында депутат Нұрлан Әуесбаев Қазақстанның барлық өңірлерінен халықтың көшуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда өңірлерде халық саны көші-қонның кесірінен азайған.

Еліміздегі ірі қалаларға қоныс аударушылар саны шамамен 2 есе өсті. Еліміздің үш өңірі - СҚО, Абай және Жетісу облыстарында тұрғындар санының азаюы ерекше назар аударады. Соңғы 20 жылда СҚО халқы бір рет те өскен жоқ, - деді депутат Нұрлан Әуесбаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтар жақсы өмір іздеп, мегаполистерге көшіп, жұмыссыздыққа тап болады. Депутат Алматы, Астана және Шымкент қалаларын аумақтық тұрғыда кеңейтілетінімен, әр қаланың өз сыйымдылығы бар екенін атап өтті.

Аумақ бойынша біз Алматы, Шымкент және Астананы кеңейте аламыз, бірақ табиғи ресурстар шексіз емес. Ғалымдардың есептеуінше, Шымкент қаласының демографиялық сыйымдылығы 600 мың адамнан аспайды, Алматы үшін 1,2 млн, Астана үшін 1 миллионнан сәл артық, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға