Жаңалықтар

Енді әлеуметтік желідегі буллинг бақыланады

Енді әлеуметтік желідегі буллинг бақыланады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.06.2023 11:39 1288

Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл заң жобасымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да қамтылды.

Заң жобасы онлайн-платформалардың жұмысын Қазақстан Республикасының заң аясында жүйелендіріп, әлеуметтік желі қолданушыларын еліміздің әлеуметтік-экономикалық айналымына енгізе отырып, осы саланы мемлекеттік реттеудің негіздерін қалыптастырады. Заңның міндеті – әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, азаматтарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан Қазақстанның азаматтарын қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу, - деді депутат Ерлан Саиров.

Заң жобасы онлайн платформаларды реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін айтты.

Олар:

- онлайн платформаларда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
- әлеуметтік желіні қолданушы және инфлюенсер (блогер) анықтамаларын беру;
- негізгі заң жобасының терминологиясына, заңда қолданылатын түсініктерді толықтыру;
- Онлайн платформалардың жұмысын реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, заң жобасына енгізу жөнінде;
- отандық әлеуметтік желіні қолданушылардың құқын арттыру үшін әлемдік техногиганттар мен қазақстандық қолданушылардың арасындағы коммуникацияны реттеу;
- онлайн платформаның иесі немесе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан аккаунттарды тоқтатуға міндетті;
- Онлайн платформаларда жарнаманы жылжыту;
- Онлайн платформаларда модерация жүргізу;
- жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мәселелер бойынша өзгерістер енгізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға