Жаңалықтар

Еңбек мигранттарының әр басқан қадамы қатаң бақылауда

Еңбек мигранттарының әр басқан қадамы қатаң бақылауда
Фото: gov.kz 19.04.2023 15:40 1109

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Көші-қон саясатын іс жүзінде төрт орган: Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі органдарының тығыз қарым-қатынасы арқасында іске асырылатын жұмыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022-2023 жылдарға арналған Көші-қон тұжырымдамасын бекітті. Осы тұжырымдамада 3 бағыт бар. Біріншіден, елімізге сапалы кадрлардың келуін ынталандыру. Екіншіден, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау. Үшіншіден, өңіраралық демографиялық теңсіздіктерді жою мәселелері, - деді ол.

Ілияс Испановтың айтуынша, шетелден елімізге тапшы кәсіп иелерін шақыруға байланысты кәсіп түрлерінің тізімі бекітілген.

Тізімде 21 кәсіп бар. Қажет мамандықтардың басым бөлігі денсаулық сақтау, білім және ғылым, техника мен ақпараттық технологиялар саласына берілген. Әсіресе ІТ мамандардың айы оңынан туып тұр. Осылайша көші-қон саясатының алдағы бес жылға арналған тұжырымдамасына сәйкес 100 үздік шетел маманын Қазақстанға тарту көзделген.

Сондай-ақ комитет төрағасы заңсыз мигранттарды есепке алу жүргізіліп жатқанын айтты. Мигранттардың жұмысы, қозғалысы қатаң бақылауда болады. 2023 жылы 22 260 шетел азаматы елімізде еңбек нарығында жұмыс істеуге рұқсат алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға