Еңбек күніне орай жастар арасында 200 іс-шара өткізілді

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
29.09.2024 20:33
471
Еңбек күні аясында Қазақстанда жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, экологиялық іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері, «Адал азамат – адал еңбек» диалог алаңдары сияқты 200-ден астам іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әсіресе, еңбек адамдарын кеңінен насихаттауға баса назар аударылды. Осы мақсатта Абай ауданында «Еңбекші жастар – 2024» және Қарағанды облысында «Шебердің қолы алтын» атты фестивальдер өтті.
Сондай-ақ бірқатар өңірлерде «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жұмыс маусымын салтанатты түрде қорытындылады.
Еңбек күніне арналған іс-шараларға барлығы 2 мыңнан астам жас тартылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Полицейлер тауда жоғалып кеткен Латвия азаматтарын тапты
Келесі жаңалық
Ерлан Қарин «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайына қатысты