Жаңалықтар

Еңбек комитетінің төрағасы төрт күндік жұмыс аптасы туралы пікір білдірді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты
Еңбек комитетінің төрағасы төрт күндік жұмыс аптасы туралы пікір білдірді
Фото: sn.kz 21.10.2022 16:00 1950

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов төрт күндік жұмыс аптасына көшу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz

«Қазіргі уақытта еліміздің Еңбек кодексіндегі норма бойынша 40 сағаттық бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы міндетті саналады. Бірақ жұмыс беруші өз қызметкерлерімен келісіп, бұл норманы төмендете алады. Төрт күндік жұмыс аптасына келсек, біздің министрлік бұл мәселені қарастырып жатыр. Бұл кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Мәселен, бір айда төрт апта болса, бірінші аптада төрт күн, екінші аптада – бес күн, үшінші аптада – алты күн және төртінші аптада – тағы төрт күн болуы мүмкін. Яғни «Есеп кезеңі» деген ұғым бар, сағаттардың жалпы саны осы есеп кезеңінен жоғары болмауы керек. Ал қалған сәттерді жұмыс беруші қызметкермен өзара шеше алады», - деді Төлеген Оспанқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға