Жаңалықтар

Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды

Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.05.2023 23:20 1058

Қазақстанда Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ол hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған. Бұл жұмыскерлерге смартфон арқылы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Enbek HR мобильдік қосымшасында жеке кабинетте жұмыскерлер өздерінің еңбек шарттарын көре алады, жұмыс орнынан анықтаманы және жеке ісінен ақпаратты – фото, жеке куәлік, паспорт деректері, білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтер, 075/Е медициналық анықтама, психо/нарко/туб. диспансерлердегі есеп мәліметтерін жүктей алады.

Enbek HR қосымшасы мен hr.enbek.kz порталы Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы бар азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе мемлекеттік қызметтер мен жұмыспен қамту шараларын ала алады, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді, Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант алуға мүмкіндік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға