Музей қабырғасында зұлмат жылдар елесі қалған

31 May 2018, 15:25 39364

Саяси қуғын-сүргін жылдары Қазақстан аумағында орналасқан ең ірі жазалау лагері КАРЛАГ-та 1930-1956 жылдар арасында 1 миллионнан астам адам тұтқында болған. Қанша адамның қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ, қолда қалған құжаттар 3026 адамның тізімін берсе, ғалымдар бұл сан 6 мыңнан асады дейді. Зұлмат жылдары атылған адамда есеп болмады, көлемі төрт те алты метр шұңқырға 15-20 адам мәйіті тасталатын. Кімнің сүйегі қайда қалғаны бегісіз. Не үшін атылып, не үшін айдалғаны да беймәлім. Қазір сол зұлмат жылдар естелігі болып қалған Қарағанды облысындағы Долинка саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі. Қазақты қынадай қырған сол зұлмат жылдар естелігін музей қызметкерлерінің жеткізгенін жөн көрдік. Түсірілімді жасауға атсалысқан музей директоры Байнова Светлана Климентьевнаға, Ісләмов Ыбрахым Ісләмұлына және музей қызметкерлері Андрей Сергеевич Дребезгов ке  алғысымызды білдіреміз.

Share: