Жаңалықтар

Эмир Байғазиннің «Өзені» қандай фильм: шетелдік басылымдардың пікірі

Фильмге қатысты рецензиялардан үзінді
Эмир Байғазиннің «Өзені» қандай фильм: шетелдік басылымдардың пікірі
11.09.2018 09:16 6240

Эмир Байғазиннің «Өзен» («Река») фильмі 75 Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» («Orizzonti») бағдарламасының «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жетті.

«Өзен» - режиссердің Аслан туралы трилогиясының соңғы бөлімі (трилогияның алғашқы екі бөлімі – «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдері). Әлемдік премьерасы осы Венеция ХКФ аясында өтіп отыр.

 

 

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар, картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Сюжетте шалғайдағы қазақ ауылында тұратын ағайынды бес бала туралы айтылады. Олардың үйіне қалалық қонақ келісімен өмірлерінде өзгеріс пайда болады.

Фильмнің әлемдік тұсаукесерінен кейін шетелдік басылымдар жазған пікірлер мынадай:

 

Hollywood Reporter

«Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады.  Композициясы өте үйлесімді, оның образдары үйдің интерьерінде , ауылдық экстерьерінде, тіпті  экпанситві сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады.  Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомдалған. Камераның қозғалуы да аз.

«Өзен» - арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды».

 

Screen Daily:

«Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы трилогиясының («Уроки гармонии» , 2013, және «Раненый ангел», 2016) соңғы бөлімі – «Өзен» фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды.

Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар».

 

Cineuropa:

«Өзен» фильмі «Көкжиектер» бағдарламасындағы ең визуалды эстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті».

«Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр. Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп, әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды инструментке айналады. Фильмнің образы – шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді.  Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен  алшақ дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінге күнге көрініс».

Nonsolocinema:

«Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранда өмірдің шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардың тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттың бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз».

 

NOW:

«Бес ағайындының өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көреременнің шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таң қалатыныңыз ғажап емес».

 

Cinemascope:

«Эмир Байғазин» – сезімталдылық пен сабырлық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияның барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды».

IONCINEMA:

Эмир Байғазин көне дәстүрлердің заманауи әлеммен қақтығысының портретін ашып беріп отыр.

Байғазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанның таныстырылымы ретінде көрсетті. 

 

Cinematografo:

«Өзен» көрерменді магия мен реализмге арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм».

Картинаның жасалуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ,  Польшаның кино институты және Sorfond  (Норвегия)  атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды. 

Эмир Байғазиннің «Өзені» қазір Торонто кинофестиваліне қатысып жатыр. Картина «Платформа» бағдарламасы аясында көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға