Жаңалықтар

«Емдемеген емші қалмады». Жүрсін Ерман ажалдың аузына барып қайтқан сәтін есіне алды

«Емдемеген емші қалмады». Жүрсін Ерман ажалдың аузына барып қайтқан сәтін есіне алды
Фото: Видеодан кадр 26.02.2024 11:20 5895

Айтыстың ақтаңгері Жүрсін Ерман науқастанып қалғаннан кейін аяққа қалай тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маған бір әйел хабарласты. Танымаймын. Тоғыз жыл зерттеп, күріштің қауызынан дәрі жасаған екен. Қыркүйекте бір қария түсіне кіріп, аян беріпті. Бір айдан бері сол дәріні ішіп жатырмын. Қазақстанда мені емдемеген емші қалмады. Бес-алтауы келді. Бәрінікі жай сөз болып шықты. Көптің тілегі қабыл болды ма? Ажалдың аузына барып, қызық ештеңе жоқ екен деп қайтып келдім, - деді Жүрсін Ерман Жандарбек Бұлғақовқа берген сұхбатында.

Айта кетейік, 12 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, журналист Жүрсін Ерман 73 жасқа толды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға