Жаңалықтар

Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогында бестікке енді

Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогында бестікке енді
Фото: ҚР ҰОК 24.06.2024 16:01 257

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Париж Олимпиадасында бақ сынайтын спортшы үшін бұл жазғы ойын қарсаңындағы маңызды жарыс болғаны сөзсіз. 

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді. 

Еске сала кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға