Елорданың қоғамдық көлік паркі жаңа 15 автобуспен толықты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
05.06.2024 20:52
471
Астанада қоғамдық көлік паркі жаңа 15 автобуспен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Yutong» маркалы автобустарды «Жорға МТ» ЖШС жеке автобус паркі сатып алды. Автобустар 2024 жылғы, отандық өндірішумен жинақталған. Трансмиссиясы және белдемесі – неміс шығарылымы.
Жақын арада ресімдеу, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту жұмыстары жүргізілгеннен кейін, автобустар қала бағдарларына қосылып, халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.
Жаңа автобустар мен жаңа бағдарлар қосу бойынша жұмыс ары қарай да жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар». ТЖМ үндеу жасады
Келесі жаңалық
Астанада шенеунікке 260 мың теңгеге жуық айыппұл салынды