Жаңалықтар

Елорданың бас санитары субұрқақтарда шомылудың қауіпті екенін ескертті

Фото: astana-akshamy.kz
Елорданың бас санитары субұрқақтарда шомылудың қауіпті екенін ескертті
06.06.2022 13:02 1126

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы субұрқақтарда неге шомылуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Жазғы маусымда субұрқақтар қала тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады. Ал кейбір тұрғындар субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, оған шомылып жатады. Алайда, олар осылайша денсаулығына қауіп төндіретін біле бермейді. Субұрқақтағы су жиі жаңартылмайтынын ескерген жөн. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады. Олар әртүрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне, жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Сонымен қатар, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті үлкен қауіп төндіреді», деді Сархат Бейсенова

Оның айтуынша, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусым болып саналатын мамыр мен қыркүйек аралығында судың тазалығына зертханалық зерттеулер жүргізеді. Бас қаладағы зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған. 

«Атап айтқанда, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында орналасқан «Жастар» сарайының жанындағы субұрқақ, «Есіл» СҮ ауданында, сондай-ақ Пушкин скверінде және Абай даңғылында санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша субұрқақ кешендерінің суындабұлдырлық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,1-1,7 есе артуы байқалды. Ә. Молдағұлова ескерткіші мен «Жастар» театры маңындағы «Атырау» субұрқақ кешендерінің суында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды», - деді Сархат Бейсенова.

Сондай-ақ астананың бас санитар дәрігері субұрқақта жарақат алу қаупі жоғары екендігін ескертіп отыр. 

«Фонтанда әдетте астыңғы жарық, ағынды саптамалар, жай саптамалар орналасады. Қосылған коммуникациялардың кесірінен механикалық және электр жарақатын алуыңыз ықтимал. Осыған байланысты, астаналық СЭБД ата-аналарды балаларына қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруге шақырады. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертіңіз», - деді ведомство өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға