Жаңалықтар

Елордалық жасөспірім конькимен жүгіруден қола жүлдегер атанды

Алина Дауранова әлем чемпионатында ел намысын қорғады
Елордалық жасөспірім конькимен жүгіруден қола жүлдегер атанды
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты 11.02.2023 04:08 941

Елордалық Алина Дауранова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

500 метр қашықтыққа жүгіруден жерлесіміз 39.10 секунд уақытымен үшінші орынға тұрақтады. Алтын жүлдені италиялық Серена Пергер иеленсе, күміс Энджел Дэйлманға бұйырды.

Айта кетейік, жерлесіміз Инцель қаласында (Германия) конькимен жүгіру спортынан өткен әлем кубогында 1000 метр қашықтықта алдына жан салмай, 1:17:98 секундта мәреге бірінші болып жетіп, жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға