Елордалық ТЖД "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
17.01.2024 18:19
746
Елордалық ТЖД "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ telegram арнасына сілтеме жасап.
Астана қаласы ТЖД-нің хабарлауынша, жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары "Крещение Господне" православтық мерекесін атап өтеді. Жыл сайын бұл іс-шара барған сайын жаппай сипатқа ие болуда.
Сол себепті Астана қаласының ТЖД келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
Қажет болған жағдайда Сізге уақтылы білікті көмек көрсете алатын арнайы жабдықталған және қорғалатын шұңқырларда ғана шомылыңыз. Тұран даңғылы 8/2 мекенжайы бойынша Есіл өзеніндегі қалалық жағажайда 4 шұңқыры бар учаскесі ұйымдастырылды.
Шұңқырдан шыққан кезде біреу сізді сүлгімен және халатпен қарсы алғаны жөн;
Ешқашан секірмеңіз және басыңызбен алға қарай шұңқырға сүңгімеңіз;
Шұңқырда 1 минуттан артық болмаңыз;
Мас күйінде мұзды суға түсуге болмайды.
Шомылуға қатыспауды ұсынамыз:
- Балалар мен қарт адамдарға;
- Суыққа шынықпаған адамдарға;
- Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады?
Келесі жаңалық
Жамбыл облысында 4,6 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды