Жаңалықтар

Елордалық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды

Елордалық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 30.09.2023 09:48 596

Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында жүзуден екінші медальды қанжығасына байлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әділбек Мусин 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен суға жүзуден 23,44 секунд уақыт көрсеткішін көрсетіп, үшінші орын иеленді.

Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Ханчжоуда өткен Азия ойындарында сәтті өнер көрсете білген Әділбек Мусинді құттықтап, алғыс білдірді. 

Алтын медальға кішкене ғана жетпей қалды, ештеңе етпейді, жұмыс істейтін боламыз. Әділбек күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып, соған сәйкес нәтижесі де дәйекті түрде жақсарып келеді. Командамыз жас және резерв тарапынан жақсы потенциал барын байқап отырмыз, - деді ол.

Айта кетерлігі, ол кеше ғана 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға